ҚР Президентінің Жолдауы

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бойынша 423 жеке несиелік тұрғын үй салынады

«Нұрлы жер» бағдарламасының бірінші кезеңі аясында Ақтөбе облысында 423 аз қабатты жеке несиелік тұрғын үй салынады.
Ақтөбе22 Мамыр , 10:12

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша пилоттық жобамен жүзеге асырылып жатқан «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабы бар.

 Облыс әкімдігі хабарлағандай,  ең бірінші кезекте, аталмыш бағдарлама аясында ЖТҚ халыққа бөлінген инфрақұрылымдармен жабдықталған жер телімдерінде өздерінің қаражатымен жалғасатын болады. Таяу жылдары жер телімдеріне тұрғандар кезегін жоспарлы төмендету үшін облыста жыл сайын 15 мың жер телімдерін беру жоспарлануда.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында құны 10 млрд теңге болатын пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында тез тұрғызылатын аз қабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыру жоспарда бар. Тұрғын үй алабында детальдық жоспарлау жобасымен дайындалған жалпы алаңы 151 гектар болатын бірнеше шағын аудандар бар.           Мұнда бірінші кезеңді жүзеге асырырылуда, 423 аз қабатты жеке несиелік тұрғын үй салынады.

Белгілі болғандай қазіргі таңда, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімі кезегінде 110 мың ақтөбелік тұр.

Баспананың бір шаршы метрі 120,0 мың теңгеден аспайтын болады.
2017-2018 жылдары облыстағы 2800 жанұяны тұрмысқа жайлы баспанамен қамтитын «таунхаус» типіндегі жалпы алаңы 153,0 болатын 60 үш қабатты тұрғын үй тұрғызылмақ.

 Жалпы, бұл шаралардың барлығы халық арасында ЖТҚ-на деген тәсілдемесін қалыптастыруға, құрылыс индустриясы кәсіпорындарының, үй құрылыс комбинатының іске қосылуына және халықты жұмыспен қамтуға 100% мүмкіндік беретін болады.
 

 




Яндекс.Метрика