Басқару

ҚР Президенті мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде22 Мамыр , 09:07

Кездесуде Қазақстан Президенті мен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оның кейбір аспектілерін дамыту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.




Яндекс.Метрика