Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ШҚО-да шипалы туризмді дамыту мақсатында демалу орталығы ашылады

Зайсан ауданының «Бәйтерек» спорттық-сауықтыру орталығының базасында ауқымды демалу орталығын ашу жоспарлануда, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан23 Желтоксан , 17:24

Зайсан ауданының әкімі Алмас Ондақановтың ақпараты бойынша, аймақта туристік потенциал жақсы дамыған, әсіресе шипалы туризм, балық аулау, экотуризм салалары жақсы дамыған.

«Бәйтерек» спорттық-сауықтыру орталығының жанынан шипалы орталық ашу жоспарлануда.

«Бірінші бағыт – Арасан-Талды аймағында емдеу туризмін дамыту, онда сүліктермен емдеу үрдісі жүзеге асырылады. Ол жердегі емдеу суының температурасы 45 градусқа дейін жетеді», - деді А. Ондақанов.

Екінші емделу бағыты- күн арқылы.

Айта кетейік, Зайсан ауданында «Сайхан», «Саур», «Мұзтау», таулы шатқалдар флора мен фаунаның айналасында орналасқан. 




Яндекс.Метрика