Биыл іс-шараға 150 адам, велоспорт әуесқойлары қатысты. Жарысқа қатысушылар Қабанбай батыр даңғылы бойынша, кейін Қорғалжын тас жолы мен Тұран даңғылы бойынша 10 км 500 м қашықтықтан өтіп, "Астана Арена" стадионында тоқтады.
«Бүгінгі іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, халқымызды көпшілік спорт түрлеріне тарту. Жыл сайын дәстүрлі негізде велошеру өтеді, бүгін маусымның ашылуы өтуде. Биыл жазда осындай іс-шара тағыда жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.
Велошеруді ұйымдастырушылар - Велосипед спортының қазақстандық федерациясы, Астана қаласының әкімдігі және Астана қаласы әкімдігінің спорттық-көпшілік іс-шараларды өткізу жөніндегі дирекциясы.