Мәдениетті жаңғырту

Жамбыл облысының мәдени керуені ЭКСПО-2017 көрмесіне жол тартты (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Жамбылдықтар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне мәдени керуенді шығарып салды, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.
Жамбыл20 Мамыр , 15:01

«Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» атты керуен құрамында 20 түйе,  46 ат, оның 6-ы ат арба, 10 жүк автокөлігі, 3 автобус, 6 қызметтік автокөлік (ұйымдастырушылар, МАИ, жедел жәрдем, төтенше жағдай т.б.) – барлығы 150 адам бар.

Керуен Астанаға жеткенше Жамбыл және Қарағанды облыстарындағы жол бойында орналасқан 10 елді мекенге тоқтайды. 

Әрбір тоқтайтын пункттерде ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Киіз  үйлер тігіліп, қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері сахналанады,  ұлттық спорт ойындары, концерттік бағдарламалар өткізілмек.

Бекітілген кестеге сәйкес, ағымдағы жылдың 26-30 шілдесі аралығында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Жамбыл облысының мәдениет күндері  өтеді деп жоспарлануда. 

Жамбыл облысы ЭКСПО аумағындағы «Амфитеатрда» мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізеді. Яғни, осы күні облыс күндерінің ашылуын өткізу жоспарланып отыр. Онда түрлі форматтағы шаралармен қатар көрмелер, театрлардырылған көрініс және облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтеді.

Сондай-ақ, 28 шілде күні «Қазанат» қалалық ипподромының аумағында салынатын «Этноауылда» іс-шаралар ұйымдастыру Жамбыл облысына жүктелген. Ол жерде күні бойы шеберлер ауылы, шеберлердің туындыларын сатуға арналған «Шығыс базары», концерттер, театрландырылған қойылымдар, ұлттық спорт ойындары және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» атты керуен халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне әлемнің әр түкпірінен келетін қонақтарға «Ұлы Жібек жолы» бойындағы сауда, мәдениет, өркениеттің рухани орталығы болған Ежелгі Тараздың тарихымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика