Ұлттың денсаулығы

Жезқазғанда балалар оңалту орталығы ашылмақ

Қарағандыда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша үш емхана ашу жоспарлануда, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды20 Мамыр , 14:32

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың нақты секторына ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға да инвестициялар тарту жұмысын жандандыруды тапсырған болатын», – деді Ерлан Қошанов инвесторлармен кездесуде.

Билік органдары осындай жобаларды іске асыруға мүдделі және тиімді ынтымақтастық жасауға ниетті екенін айтты.

Жезқазғанда «Verum Medical» ЖШС құны 70 млн теңге болатын балалар оңалту орталығының жобасын іске асыруда. Ол диагностикалық және консультациялық қызметтерді, оңалту бөлімшесін көздейді. Өңірде жыл сайын 8 мыңнан астам мүгедек бала оңалтуды қажет ететіндіктен, жоба өзекті болып табылады. Орталықты желтоқсанда ашу жоспарланған. 

Облыстық клиникалық ауруханада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша магниттік-резонанстық томография кабинеті ашылмақ. Жеке инвестициялар 400 млн теңгені құрайды. 

Кездесуде Қарағандыда жаңа емханалар ашу бойынша үш жоба ұсынылды. Олардың әрқайсысына салынатын инвестициялар 400 млн теңгеден астам. 

«Елбасымыз денсаулық сақтау саласының емханалық секторына баса назар аударады. Қызмет көрсету учаскелерін көбейту керек. Бұл шаралар медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға әкеледі», – деді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі мемлекеттік тапсырысты орналастыру және халықты жаңа емханаларға тіркеу жөніндегі мәселелерді уақтылы шешуді тапсырды. 




Яндекс.Метрика