Адами капитал

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі жаңғыртылады

Қазақстанда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту 2018-2025 жылдар аралығында өтеді, деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ.
Казахстан20 Мамыр , 12:44

Арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту екі кезең арқылы іске асырылады.

Бірінші кезеңде стандарттарды жетілдіру мен арнаулы әлеуметтік қызметтердің атаулы сипатын күшейту қолға алынады. Әлеуметтік күтімнің баламалы түрлері сыналып, шағын сыйымдылықтағы үйлер мен күндізгі орталықтар қанат жаяды және де өмірде қиын жағдайда қалған жандарды қоғамға кіріктіруге күш салынады.

Реформада арнаулы әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру жүйесін қайта қарастыру жағы маңызды болып отыр. Мұнда қызметті алушы оны пайдалануға байланысты жерді таңдау құқығын иеленеді. 

Сонымен қатар, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесін жетілдіру негізгі мәселеге ретінде назарда ұсталмақ. Әлеуметтік қызметкерлерді дайындаудың кәсіби стандарттары түзіліп, олардың біліктілігін бағалаудың тәуелсіз жүйесі қолданылатын болады.

Арнаулы әлеуметік қызметтерді ұсынудың ықпалдандырылған үлгісін енгізу аясында, ведомствоаралық байланыс нығайып, қызметтерді көрсетудің тұтастығы мен үздіксіздігі қамтамасыз етілмек.

Екінші кезеңде жұмыс істеп тұрған медициналық-әлеуметтік ұйымдардың тыныс-тіршілігі мұқият таразыланып, олардың ауқымында кадрлар даярлау мектептері, оңалту орталықтары іске қосылатыны көзделуде.

«Жаңғырту қадамдарының арқасында әлеуметтік жұмыс саласындағы жөнсіз қайталау келеңсіздіктері жойылып, арнаулы қызметтерді көрсету үдерісі ықшамдалады. Осымен бірге, қаржы және кадр қорлары тиімді пайдаланылып, қолжетімділік мәселесі қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Пікір алмасу барысында тұжырымдамада көрсетілген шешімдер мен негізгі ұстаным-қағидалар, сала саясаты қызу талқыға салынды.

Еске сала кетейік, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі, жаңа «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы» Заңы қабылданған 2009 жылдан бастап өзгеріске түсті. Бүгінгі таңда тиісті қызметтер көрсету стандарттарын біртіндеп енгізуді қамтамасыз ететін қажетті құқықтық база жасалды. 




Яндекс.Метрика