Экономика

Жамбыл облысында құрылыс саласына инвестициялар 32 %-ға өскен

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Жамбыл облысында болды, деп хабарланды "Нұр Отан" партиясында.
Жамбыл20 Мамыр , 11:34

Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі ең ірі жел электр станциясының жұмысымен танысты. Сондай-ақ, жергілікті фермерлермен кездесіп, ірімшік зауытында болды және Тараз қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізді.

Қазақстандағы ең ірі жел электр станцияларының бірі Жамбыл облысында орналасқан. Мұнда жылына 50 млн кВт/сағ-қа дейін электр қуатын өндіреді. Бұл облыстағы 150 мыңға жуық халқы бар Қордай ауданын толық электр көзімен қамтамасыз етуге жететін қуат. Құны 12 млрд теңгеден асатын жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бұл жоба Индустрияландыру картасы және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаржыландырылды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткендей, баламалы энергетиканы қолданудың арқасында Жамбыл облысында «жасыл экономиканы» дамыту бойынша аймақта алдыңғы орыннан көрінуге мүмкіндік мол.

Жамбыл облысында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оған соңғы жылдардың ішінде алғаш рет құрылыс жұмыстарының көлемі 103 млрд теңгеден асып, бұл салаға салынған инвестицияның бірден 32 пайызға артқаны дәлел. 




Яндекс.Метрика