Қалаларға шоғырлану

Көкшетауда ескі саябақ қалпына келтірілмек

Көкшетауда мәдениет және демалыс саябағы құрылысының екінші кезеңі басталды, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.
Ақмола20 Мамыр , 11:03

«Саябақ құрылысының бірінші кезеңі 2015 жылы басталған. Осы уақыт ішінде спорттық-тұрмыстық корпус салынған. Объектілердің құрылысына бюджеттен 104 млн 982 мың теңге бөлінген", делінген хабарламада.

Саябақтың жалпы ауданы 25 гектарды құрайды. Аумақта серуендеу жолдары, әр түрлі мақсаттағы павильондар мен аттракциондар орнатуға арналған алаңдар, гүлзарлар қарастырылған. Спорт әуесқойларының қызығушылықтары да ескерілетін болады. Олар үшін шаңғы-роллер трассасын, футбол және баскетбол алаңдарын және тағы басқаларын салу көзделген. 

Екінші кезеңнің құрылыс-монтаж жұмыстарына тағы 592 млн 345 мың теңге бөлінбек.

Сондай-ақ, Көкшетауда екі шағын бақ салынбақ. Осы демалу орындары жуық арада қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарына айналатын болады. 

Облыс әкімдігі Көкшетау қаласының облыстық орталығының құрылысы мен безендірілуіне ерекше көңіл бөлетінін атап өткен жөн. Болашақ құрылыстың барлық маңызды жобалары Көкшетау қаласының сәулет-қала құрылысы кеңесінде қараудан өткен. 




Яндекс.Метрика