Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қ.Келімбетов: 2013 жылы ҚР Ұлттық банкі өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық несие берді

2013 жылдың 1 қарашасындағы есеп бойынша 155 млрд теңгеге ипотекалық несие берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық,деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы23 Желтоксан , 16:45

«Бұл 30 пайыздық өсім бар деген сөз. Әрине, бұл қазіргі таңдағы жоғарғы пайыздық үстеменің арқасында. Өйткені бұл халықтың жоғарғы төлем қабілетті тобына арналған қаржы сегменті», - деді Келімбетов.

Оның айтуынша, елдегі ипотекалық несие өсімі қалыпты, өйткені Үкімет тарапынан құрылыс саласына бағытталған бағдарламалар көптеп жүзеге асырылуда.

«Үкіметтің мұндай бағдарламалары өте көп және уақыт өткен сайын кеңейе түсуде. «Қолжетімді баспана» атты арнайы бағдарлама да бар. Ондағы құрылыс саны да қарқынды өсуде, сол себепті де ипотекаға жүгінушілер саны артып отыр», - деді бас қаржыгер.

Сонымен қатар, ипотекалық несиенің мұндай қарқынды өсіміне мемлекет те қатысты. Атап айтар болсақ мемлекет әкімдіктер немесе «Самұрық-Қазына» арқылы бір кездері аяқсыз қалған ғимараттарды да құрылысшыларға өткізуде.




Яндекс.Метрика