Экономика

Қарағанды облысында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2,5 есеге өсті

Жыл басынан бері аймақтағы өнеркәсіп орындары 3 млрд. теңгені құрайтын өнім өндірген, былтырғы жылғы осындай уақыт мерзімімен салыстырғанда өсім 261%-ға жеткен, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды19 Мамыр , 18:57

«Осы жылдың 4 ай қорытындысы бойынша жалпы экономика көлемі 9,5 млрд. теңгені құрады, - деп Халел Мақсұтов облыс басшысының алдында есеп берді. – Егер өткен жылдың осындай уақыт мерзімімен салыстырар болсақ, жоспар 103% орындалды. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 млрд. теңге. Ауданнан мемлекеттік бюджетке 365 млн. теңге түсті», – деп атап өтілген хабарламада. 

Жетістіктерге жетуге облыс орталығынан 350 шақырым қашықтықта орналасқан Теректі кентінің маңында салынған «Алтай-Полиметаллдар» ЖШС ірі кәсіпорнының іске қосылуы себепкер болып отыр.  Аталмыш кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді. Жұмыскерлердің басым бөлігі жергілікті тұрғындар.

Естеріңізге сала кетейік, өндіріс ошағы 2016 жылдың желтоқсанында іске қосылған болатын. Көктасжал руднигінде ашық тәсілмен құрамында мыс бар руда шығарылады. Жәнеде осы жерде байыту комбинатында мыс концентраты өндіріледі. Кәсіпорынның бір ерекшелігі – технологиялық процесстерде ішкі жану қозғалтқышынан толықтай бас тартуында. 2017 жылдың қаңтар – сәуір айларында жалпы сомасы 500 млн. теңгені құраған 1200 тонна концентрат өндірілген. 




Яндекс.Метрика