Өңірлер

Қарағанды облысында қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үй ашылады

Қарқаралы ауданындағы шағын бизнес субъектілерінің өндіретін өнімдерінің көлемі 2017 жылдың 4 айында 7 миллиард теңгеге бағаланды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігі.
Қарағанды19 Мамыр , 20:21

Қазіргі таңда ауданда екі мыңға жуық шағын бизнес субъектілері бар. Оларда үш мыңнан астам жеркілікті халық жұмыспен қамтылған. Жыл басынан бері 47 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Сонымен қатар 4 жаңа шаруа қожалығы ашылды. 

Бұрыннан жұмыс атқарып келе жатқан кәсіпкерлер өз кезегінде кәсіптерін кеңейтіп, жаңа салаларды меңгеруді жөн көріп отыр. Мысалы, ірі қара мал өсірумен айналысатын «Айса» шаруа қожалығының басшысы биылғы жылы қымызбен емдеу қызметі бар қонақ үй ашуды көздеп отыр. Бұл демалыс орнында жайлы демалып қана қоймай, сонымен бірге сауықтыру қызметтері де көрсетілетін болады. 

«Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында туристерді тарту үшін туроператорлармен ұлттық табиғи парк арасында бірлескен қызмет туралы келісім шарт жасалып, маршрут бекітілді, - деді аудан әкімі Халел Мақсұтов. 

Айта кетерлік жайт, Қарқаралы ауданында туристердің демалуына арналған 26 нысан жұмыс істейді. Маусым басталғанда олардың 2500 демалушыға дейін қабылдау мүмкіндіктері бар.




Яндекс.Метрика