EXPO-2017

ҚР ИДМ ЭКСПО уақытына шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеуді жалғастыруда

ҚР ИДМ-де ЭКСПО-2017 кезеңіне жаңа бағдарлар ашу үшін шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу жалғасуда, бұл туралы инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.
Астана қаласы19 Мамыр , 17:34

Роман Скляр көрмеге келетін шетелдік қонақтардың басым көпшілігі әуе көлігімен келетінін атап өтті.

Ол халықаралық көрмені өткізу кезеңінде Астана үшін «ашық аспан» режимі енгізілгенін еске салды, оған сәйкес, барлық шетелдік авиатасымалдаушыларға Астанаға аптасына 7 рейске дейін ұшу құқығы беріледі.

«Осы ретте рейстердің ашылуы шетелдік авиакомпаниялардың ниеттері мен коммерциялық дайындығына байланысты. Бүгінгі таңда шетелдік тасымалдаушылар жаңа ұшуларды орындау мақсатында аккредитеуден өтеді. Кейбір компанияларға мұндай құқықтар берілген», - деп ақпараттандырды вице-министр.

Сондай-ақ, Р. Скляр жазғы практика оң нәтиже берген жағдайда, көрме аяқталғаннан кейін «ашық аспан» режимін ұзарту жоспарлары жайында айтып берді.

«Мысалы, көрме өткізу кезеңінде «FinnAir» авиакомпаниясы Хельсинкиден Астанаға – аптасына 2 рейс, 29 мамырдан бастап - «LOT Polish Airlines» Варшавадан аптасына 4 рейс, 7 маусымнан бастап - «WizzAir» Будапешттен аптасына 2 рейс, сондай-ақ маусым айынан бастап - «Air China» Пекиннен аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр», - деп қосты ол.




Яндекс.Метрика