Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

2013 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауыл кәсіпкерлеріне 6 мың несие берген

2013 жылдың наурыз айынан бастап Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры ауыл кәсіпкерлеріне 6 мың несие берген, деп қордың баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан23 Желтоксан , 17:01

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерін қолдау қоры 2013 жылдың наурыз айынын бастап «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының құрамына енген болатын.

«Бүгінде қор ауыл кәсіпкерлеріне  12,37 млрд құрайтын 6033 қарыз берген. Жақында 504,5 млн теңге тұратын 2020 қарыз берілу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне бөлінген қолдау мал шаруашылығына бағытталған.

Сондай-ақ, тігін және жиһаз цехтерін құру мен наубайхана, техникалық қызмет көрсету жобалары да қарастырылған. 




Яндекс.Метрика