Парламент

Н.Нығматулин: Діни экстремизммен күресте қазақстандық интернет сигменті көмекші болуы керек

Діни экстремизммен күресте қазақстандық интернет сигменті көмекші болуы керек. Бұл туралы Ақтөбе қаласында Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған көшпелі отырысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин хабарлады.
Астана қаласы19 Мамыр , 17:12

Атап айтқанда, спикер атап өткендей, мемлекеттік органдар мен өзгеде құрылымдардың жұмысы қауіпті интернет сайттарды бұғаттаумен шектеліп қалмай керек, олар танымдық, ағартушылық және білім беретін сайттарды насихаттауға күш жұмсау керек.

Нығматулин хабарлағандай, экстремизм және терроризммен күш көрсету арқылы күресу мүмкін емес. Әлеуметтік, идеологиялық, тәрбиелік және білім беру қызметінің маңызы зор.

Келелі кеңесті қорытындылаған Мәжіліс спикері отырыста ұсынылған бастамалардың барлығы қарастырылып, ескерілетін болатынын атап өтті. 




Яндекс.Метрика