EXPO-2017

Қазіргі уақытта ЭКСПО көрмесіне 2 225 мың билет сатылған

2017 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша 2 225 мың билет өткізілді, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Астана қаласы19 Мамыр , 16:13

«Жолаушылар көлігі» АҚ жолаушыларында ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді 45 %-ға дейінгі жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі пайда болады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ресми билет операторы  – «Кассир Қазақстан» ЖШС-мен (Kassir Kazakhstan) шарт жасасты, оның аясында жолаушыларға жол жүру құжаттарымен бірге өткізу үшін көрмеге 500 мың билет сатып алынған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ поездарына билеттерді билет кассаларынан немесе билеттерді сатудың электрондық порталы (www.rail-travel.kz) арқылы сатып алу кезінде жолаушының қалауымен қосымша қызмет ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер 45%-ға дейінгі жеңілдікпен өткізіледі. 

Сондай-ақ, «Тұлпар-Тальго» жүрдек поездарына «Астана ЭКСПО-2017» дисконттық карта сатып алған кезде жолаушылар «ЭКСПО-2017» көрмесіне бір рет тегін бару құқығына ие болады. 




Яндекс.Метрика