Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Экономика саласында жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 136 ұсыныс берілді

Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет пен қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу салаларындағы «Атамекен» ҰКП мен Мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы агенттігі арасындағы серіктестік туралы келісімді жүзеге асыру туралы Жол картасын орындау аясында экономика саласында жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 136 ұсыныс берілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев алқа мәжілісінде хабарлады.
Нұр-Сұлтан19 Мамыр , 12:39

Спикердің айтуынша,  салық пен кеден саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне мониторинг және сыртқы талдау жасау бірқатар күрделі мәселелердің бар екенін анықтады. Сонымен, 2017 жылдың бірінші тоқсанында 58 жемқорлық қылмыс фактісі тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 81%-ға арқанын білдіреді.

«Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сәулет пен қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу салаларындағы «Атамекен» ҰКП мен Мемлекеттік қызмет істері мен жемқорлыққа қарсы агенттігі арасындағы серіктестік туралы келісімді жүзеге асыру туралы Жол картасының орындалуын сараптау аясында  136 ұсыныс берілді. Олардың 60% заңнамалық актілердегі және заң астындағы актілердегі жемқорлық тәуекелін жоюға және  40% басқарушылық қызметін ұйымдастыруға бағытталған», - деп хабарлады А. Шпекбаев.

Айта кетерлік жайт, келелі кеңеске Парламент депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктері мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика