Парламент

Қ.Тоқаев Сауд Арабия королінің кеңесшісімен кездесті

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Ислам зерттеулері орталығының Төрағасы ханзада Түрки әл-Фейсал бен Абдель-Азиза әл-Саудты қабылдады, деп Сенаттан хабарлады.
Астана қаласы 19 Мамыр, 12:35

Кездесуде спикер  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы қазандағы Эр-Риядқа сапары екіжақты қатынастардың қарқынды сипатына жаңа серпін бергенін атап өтті.

Қ.Тоқаев қонаққа Қазақстан саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі туралы әңгімелеп берді.

Жүздесуге қатысушылар Сириядағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, Сенат төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының таяуда өткен отырысының қорытындылары туралы мейманды хабардар етті.

«Біз әлемдік діндер басшылары мен көрнекті саясаткерлерді бір-бірін тыңдай алуы әрі түсіне алу үшін бір үстел басына жинадық», - деді Қ.Тоқаев.

Осы ретте, спикер Венада орналасқан Король Абдалла бен Абдель-Азиз атындағы Дінаралық және мәдениетаралық үнқатысудың халықаралық орталығымен байланысты жалғастыру маңызды екенін атап өтті.





Яндекс.Метрика