Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Ұлттық банк пен Ұлттық қордың біріккен қоры 2013 жылдың соңына дейін 100 млрд долларға жетеді – Қ.Келімбетов

Ұлттық банк пен Ұлттық қордың біріккен қоры 2013 жылдың соңына дейін 100 млрд долларға жетеді, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы23 Желтоксан , 16:37

«Ұлттық банк пен Ұлттық қордың біріккен қоры 93,9 млрд доллардан асты, менің ойымша, 2013 жылдың соңына дейін 100 млрд долларға жетеді», - деді Келімбетов.

Алайда төрағаның айтуынша, осы уақытқа дейін 5 мыңнан астам шағымның келіп түскені де жасырын емес.

«Солардың ішінде 60%-ы банктік секторға тиесілі. Ал банктік сектордың өзінің ішкі шағымдары тағы 60 пайызды құраса, несие алушыларды қайта қаржыландыру, қайта құрылымдау  шараларына қатыстысы 40 пайыз. Жалпы, негізделген шағымның пайыздық көрсеткіші 6% құрайды. Келіп түскен әр шағым біздің тарапымыздан банкпен бірге қаралып,әрқайсысына заңнамалық жауап береміз», - деді бас банкир.

«Жалпы елімізде қаржылық және валюталық жағдай тұрақты. Теңге бағамының да тұрақты екенін батыл айта аламыз. Ол қараша айында долларға шаққанда152,7 мен 154,3 аралығында біраз шайқалды. Бұл жаман құбылыс емес. Бұл басқаруға ыңғайлы және жағымсыз нәиже әкелмейді. Жалпы экономикалық қорытынды жақсы. Алдын ала зерттеулер бойынша ЖІӨ 6 пайызды құраса, инфляция 5 пайызға жеткен», - деді бас қаржыгер.




Яндекс.Метрика