Энергетика

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жел генераторлары пайда болады

Қарқаралы ауданында құны 44 млрд теңге болатын жаңа ауқымды жобаны іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды19 Мамыр , 15:24

Бұл жобаны «Шаңырақ» компаниясы іске асырады. Хабарламада айтылғандай, осылайша, кәсіпорын еліміздің «жасыл» экономикасының дамуына өз үлесін қоспақ.

«Объектінің құрылысын биылғы жылдың маусымында бастап, 2018 жылдың соңында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қуаттылығы 60 МВт құрайды. Мамандарды Германияда оқытамыз», - деп атап өтті кәсіпорын басшысы М.Доштаев.

Қазіргі уақытта жобалық құжаттар мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Жел генераторларының құрылысы 220 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоба жұмысшылар үшін коттедж қалашығының құрылысын да қамтиды. Бұдан бөлек, кәсіпкер 70 орынға арналған балабақша салуға әзір екенін айтты.  




Яндекс.Метрика