Қалаларға шоғырлану

Астананың урбанистика орталығы тұрғындарға жаяу серуендеу ұйымдастырды

Астана тұрғындары Урбанистика орталығы ұйымдастырған жаяу серуендеуге қатысты, деп хабарлады Астана қаласының әкімдігі.
Астана қаласы19 Мамыр , 16:57

Іс-шараның мақсаты - қала өмірін зерттеп, танысу үшін жаяу жүрудің пайдасын насихаттау және елорданың жаяу жүргіншілеріне арналған ифрақұрылымды дамыту.

Жаяу жүруге келіскендер екі бағытты таңдау керек болды: Назарбаев университеті – Триатлон парк және Хореография ұлттық академиясы – Астана саябағы.

Ұйымдастырушылар тұрғындар мен қала қонақтары шаһардың қоршаған ортасын жақсартуға құлшыныс танытып отыр. Сондықтан, орталықтың бастамасын қызу қолдап шараға белсенді қатысқандар аз болмады.

Урбанистика орталығының болашақтағы жоспарлары да айқын: жаяу жолдарды зерттеу, шағын және орта бизнестің коммерциялық қызметіне қолдау, қоғамдық көліктердегі бос орындар мәселесі, қоғамдық көліктерге арналған орындарды көбейту және қалада қолайлы орта қалыптастыруды зерттеу негізінде методикалық ұсыныстар әзірлеу.

Жүргізілген жұмыстардың соңында орталықтың өкілдері тұрғындардың әрбір тілек-ұсыныстарын тыңдады. Ұйымдастырушылар мұндай шараны алдағы уақытта Есілдің қос жағалауында қатар өткізетіндерін мәлімдеді. Өйткені, қаланың ахуалын зерттеу орталықтың негізгі мақсаттарыныңбірі.

Жүргізілген талдау нәтижесінде шараға қатысқандардың көбі бірінші қабаттағы коммерциялық сапалы нысандарды, сәулетті құрылыстар, коғамдық көліктердің  қызметі, инфрақұрылымдардың сапасы және қаладағы қызметтердің өзара қабысуына көңілдері толатындарын жеткізді. 




Яндекс.Метрика