Мәдениетті жаңғырту

Каннада алғаш рет Қазақстан павильоны ашылады

Алғаш рет отандық кино индустрия саласында 70-ші Канн кинофестивалінде Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Әлемде 19 Мамыр, 15:49

Бірінші қазақстандық павильон  Фестиваль сарайының қасындағы Le Village International кино нарық аумағында орналасқан.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Еуразия» халықаралық кинофистивалінің ұйымдастырушылық комитетінің қолдауымен ашылған Ұлттық павильон кәсіби кездесулер өткізу, кинотуындыларды насихаттау мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін серіктес табуда көмектесу жұмыстарын атқарады.

«Ұлттық павильонды ашу Қазақстанның имиджін нығайтады, киноиндустрия саласындағы ынтымақтастық, серіктестік кеңістігін кеңейтіп және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», - деп ведомстводан атап өтті.

Отандық павильонның бағдарламасында басты орын «Еуразия» халықаралық кинофестивалін таныстыруға берілген. Ол Астана қаласында 2017 жылдың 22 мен 28  маусым аралығында ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесі аясында өтеді. 





Яндекс.Метрика