EXPO-2017

Астанада автобус рейстері екі есе артады

Астанада қосымша 2 автостанция ашылады. Бұл туралы ҚР инвестициялар мен даму вице-министрі Роман Скляр ҚР Үкіметінде өткен брифингте хабарлады.
Астана қаласы19 Мамыр , 12:34

Астана қаласына автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін (Маңғыстау мен Атырау облыстарынан бөлек) автобус рейстерінің саны 2 еседен артық көбейтілетін болады. Яғни, 53-тен 118 рейске дейін арттырылады. Қолданыстағы 148 бірліктен бөлек, қосымша 251 автобус жұмыс істейтін болады.

Осылайша, тәулігіне 400 автобус көрмеге қонақтарды таситын болады. Аталған автобустардың бағыты үш автостанция бойынша бөлінеді.

«Сапаржай Астана» ағымдағы рейстерге қызмет көрсетеді, күніне шамамен 53 рейс. Орташа есеппен 2 410 жолаушы. Барлық қосымша рейстер жаңа автостанциядан шығатын болады», - деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, «Алай» СО автостанциясы тәулігіне шамамен 31 рейс қабылдап, Солтүстік және Батыс аймақтардан  келетін (Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Өскемен қ.қ.) 1 395 жолаушыға қызмет көрсетеді. «Алай» автостанциясының филиалы «КЕҢ МАРТ» күніне (1 530 жолаушы) Оңтүстік және Орталық аймақтардан (Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағанды қ.қ.) келетін 34 қосымша рейстерді  қабылдауға  дайын. Ашылуы биыл 1 маусымға жоспарланған. 




Яндекс.Метрика