Қалаларға шоғырлану

Жамбыл облысында жеке құрылысшылар 3602 ш.м тұрғын үй салған

"2020 жылға дейін өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында 46 301,1 теңге жалпы сомасына 19 жоба іске асырылуда, деп хабарланды Жамбыл облысының әкімдігінде.
Жамбыл19 Мамыр , 11:43

Қаңтар айында «Даража» ЖШС Қызыларық ауылында жалпы жобалық құны 488 035,0 мың теңгені құрайтын 150 орынға арналған мектеп құрылысы бойынша жарияланған тендердің жеңімпазы атанды,  422 652,3 мың теңге сомасына шарт жасалды.

4 ай ішінде жеке құрылысшылардан 3602 ш. м тұрғын үй қабылданған, бұл өткен жылғы деңгейден 105,9% құрайды, делінген хабарламада.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі қосылған құнды қоса алғанда 60,0 млн теңгені (57,1) құрады, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 101,0% құрайды.

Еске сала кетейік, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту - энергия, жылу көздері, газ, жылу, электрмен жабдықтау жүйелері), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға бағытталған. 




Яндекс.Метрика