Ұлт жоспары 100 нақты қадам

«Еңбек нарығы» жүйесіне 266 мың астаналықтың мәліметі енгізілді

«Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне 266 мың астаналықтың мәліметі енгізілді, деп хабарлады елорданың ресми сайты.
Астана қаласы19 Мамыр , 11:21

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біздің елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізушеңберінде әлеуметтік дәрежесі жоқ тұлғаларды анықтап, «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне енгізуді міндеттеді. Осындай азаматтар елордамызда 266 мыңға жуық екен. Осыған орай, біз шұғыл түрде Халықты жұмыспен қамту орталығы базасында жедел түрде қалалық штаб құрып, алдымызға қойылған міндеттер орындалды», - деп хабарлады Жұмыспен қамту, еңбек, әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Оспанов.

Хабарланғандай, азаматтардың әлеуметтік статусы 25 емхананың 531 участкелік дәрігері терапиялық аумақтарды бекіту бойынша халық санағын жүргізу барысында нақты анықтады.

Сонымен қатар, «Участок» жедел-алдын алу шаралары аясында 175 участкелік полиция жұмылдырылып, олар әр аулаға барып, тексерді. Бұдан бөлек, ПИК өкілдері 410 пәтерді аралады.

«Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары БАҚ көмегі, жарнама, барлық пошта жәшіктері, SMS хабарландырулар, автобус ішінде, әлеуметтік желілер мен сайттар, ХҚКО-дағы жұмыспен қамту орталықтарының мамандарының кеңес беру жұмыстары арқылы да жүргізілді», - деп әкімдіктен түсіндірді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі күн сайын әлеуметтік статусы жоқ азаматтардың тізімін жаңартып отырады және ол жұмыспен қамту орталықтарына статусын анықтау үшін жіберіледі.

Атқарылған істердің қорытындысы бойынша 164 167 адам қазіргі уақытта жұмыс істейтіндері, 38 616 студент, 11 432 адам қаладан тыс жерде, ал 3 070 адам әлеуметтік төлем алушылар екені анықталды.  

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 мамырындағы мәлімет бойынша, жұмыспен қамту орталығына 6 033 адам хабарласқан. Олардың 1 794 тұрақты жұмысқа орналастырылды, 151 адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді, 336 түлек жастар тәжірибесінен өтуде, 119 адам әлеуметтік жұмысқа тартылды, 1 028 қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларына 3 428 адам қатысты немесе 57%.




Яндекс.Метрика