Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

Қостанайда ТКШ жаңғырту бойынша 14 көпқабатты тұрғын үй жөнделді

Қостанайда 2013 жылы «ТКШ жаңғырту» бағдарламасы бойынша 14 көпқабатты тұрғын үй жөнделген. Бұл туралы BNews.kz Қостанай облысы Энергетиканы басқару және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әубәкір Тайкешовке сілтеме жасай отырып мәлімдеді.
Қостанай23 Желтоксан , 16:31

«Биыл 2011 жылғы қайтарымды қаржы есебінен Қостанай қаласында «ТКШ жөндеу» мекемесі 207,2 млн теңгеге 14 көп пәтерлі үйді жөндеп шықты», - дейді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, 2011-2012 жылдар аралығында «ТКШ жаңғырту» бағдарламасымен 47 көп пәтерлі тұрғын үйге 673,1 млн теңгенің жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Облыста 5 қала да түгелімен кондоминимум нысанының жалпы мүлігін жөндеуге қатысады. Сонымен 2014 жылы бұл бағдарламаға облыстағы 5 қаладан басқа Таранов ауданындағы Тобыл кенті де қатыспақ», - деді А.Тайкешов.

Оның айтуынша, терможаңғырту бөлшектерімен үйге жөндеу жүргізу жылу қуатын есептеу құрылғыларын орнатқан жағдайда ғана үнемдеуге мүмкіншілік береді екен.

«2012 жылы жөнделген Арқалық қаласында Абай даңғылының бойындағы нөмірі 78-ші тұрғын үй биыл 4 айдың ішінде тек жылудан 1,4 млн теңге үнемдеген. Осылайша әр пәтер жылу шығындарын екі есеге азайтқан», - дейді ол.

 
 




Яндекс.Метрика