Өңірлер

ОҚО-да тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері талқыланды

Оңтүстік Қазақстан облысында 3152 көп қабатты тұрғын үй бар деп есептеледі, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан19 Мамыр , 10:53

Хабарламаға сәйкес, оның 2559-ы кондоминиум объектісі ретінде тіркелген. Тек 970 үйге ғана 18 пәтер иелері кооперативтерінің және 9 сервистік компанияның қызметтері көрсетіледі. Бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш. Бұл көрсеткіш қызметтердің сапасыз көрсетілуіне және пәтер иелерінің кондоминиум объектісін басқару органдарына сенімсіздігіне негізделген.  

«Облыстың көп қабатты тұрғын үйлерінің көп бөлігі 1950-1990 жылдары салынғанын ескере отыра, инфрақұрылымдық жүйелердің тозуының жоғары үлесі байқалады, жылумен қамтамасыз ету бойынша шығындардың өзі 38 пайызды құрайды, бұл нормативтік талаптардан жоғары. Жақын уақытта осы проблемалар толық шешілетін болады»,- деді облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев.

Жуық арада облыстық әкімдік басқа қалаларда көп пәтерлі үйлерді басқару бойынша қызметті зерттеуді және пікір алмасуды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика