Адами капитал

Павлодар облысында 1412 нысан дайындық құжатын алды

Павлодар облысында 1412 нысан дайындық құжатын алды, деп хабарлады ҚР ЕХӘҚМ.
Павлодар19 Мамыр , 10:17

Бүгінде Павлодар облысының өзінде тұратын 28 мыңнан астам мүгедек жан тұрады, бұл  жалпы халық санының 3,7%-ын құрап отыр.

Бұдан басқа, облыста инклюзивті білім беруді өркендетуге қатысты мекемелер желісі жасақталып, онда оқыту қажет және қажеттілігі ерекше балалардың жалпы санынан 3598 бала немесе 89,3%-ы қабылданған.

Өткен жылдың қорытындысында, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігі 92%-ға, кәсіби қыры 97%-ға орындалды. Мүгедектерді оңалтуға бөлінген қаражат көлемі, ағымдағы жылы, 2748,9 млн теңгені көрсетті. Өмірінде сын сәттерді өткерудегі жандардың 90%-дан астамына, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары мен әлеуметтік көмек бөлімшелерінде қызмет көрсетілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйытқы болуымен, “2012-2018 жылдары Қазақстан Республикасында мүгедектердің өмір сапасын жақсарту мен құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша Шаралар жоспарын кешенді түрде іске асыру туралы” тақырыбында екі күнге арналған республикалық семинар өтуде.

Семинар барысында Қазақстандағы 650 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жанның басындағы мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастыру жоспарланған.




Яндекс.Метрика