Адами капитал

Жуалы ауданында І тоқсанда 453 адам жұмысқа орналастырылды

Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша барлығы 67020,0 мың теңге шартты ақшалай көмек бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметіндегі брифингте белгілі болды.
Жамбыл19 Мамыр , 10:38

Аудан әкімі Бақтияр Көпбосыновтың айтуынша, І тоқсанның қортындысы бойныша аудандағы жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайызды құрады, жалпы жұмыссыздар саны 750 адам.

Есепті кезеңде тұрақты жұмыс орындарына 453 адам орналасты немесе 51,2% құрады. Қоғамдық жұмыстарға 131 жұмыссыздар, әлеуметтік жұмыс орындарына 98 жұмыссыздар, жастар практикасына 84 жастар жолданды.

«2017 жылға мүмкіндігі шектеулі 47 азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланып, 3 айда 8 мүгедектер жұмысқа орналасты. 1-сәуірде мүгедектерді жұмысқа орналастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрменкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде 10 мүгедектерге консультация беріліп, 1 азамат қоғамдық жұмысқа жолданды. Жұмыссыз ретінде ресми тіркеуде қалғандар саны 260 адамды құрады. Сонымен қатар, аталған кешенді жоспардың іс-шарасы бойынша қоғамдық жұмыстарға 6022,0 мың теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 2380,0 мың теңге, жастар практикасы бағдарламасына 5154,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді», - деп атап өтті Б.Көпбосынов.

Айта кетерлік жайт, «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша барлығы 67020,0 мың теңге шартты ақшалай көмек бөлінді.




Яндекс.Метрика