Инновациялар

Қазақстанда «NURINTECH» инновациялық жобалар байқауы басталды

«Нұр Отан» партиясында NURINTECH инновациялық жобалар республикалық жастар байқауы басталды, деп хабарлады «Жас Отан» ЖҚ.
Казахстан19 Мамыр , 09:56

«Инновациялар әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Осыған орай, жастарға ерекше көңіл бөлініп, байқау өткізіледі, оның мақсаты ғылыми-зерттеу қызметіне тарту арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту», - делінген хабарламада.

Байқау 5 номинация бойынша өткізіледі: Әлеуметтік маңызды инновациялар, Техностарт, Үздік жас ғалым, Жастар инновациялық жобасы, Перспектива.

Осы ретте, «Жас Отан» ЖҚ атап өткендей, бағыттардың ауқымды бөлігі қамтылады: қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі, жасыл энергетика (энергетика және энергия үнемдеу), химиялық технологиялар, нано-технологиялар және биотехнологиялар, өнеркәсіптік және құрылыс технологиялары және өндіріс, агроинновациялар (өнеркәсіптік технологиялар және өндіріс), IT технологиялар,  медицина, медициналық техника және технологиялар, фармация, ұтымды табиғат пайдалану, ресурс үнемдеу, робототехника, қауіпсіз көлік (жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру), үздік лайфхак (өмірге арналған жаңа құрылғылар), 3D баспа және жаңа материалдар, гаджеттерге арналған мобильді қосымшалар, экологиялық инновация, наносерпін –нанотехнологиялардағы инновациялар, білім беру саласындағы инновациялар.

Байқау өтінімдерін әділ қарау мақсатында қазылар алқасының құрамына ұлттық компаниялардың, құрылымдық бюро және министрліктер мен ведомстволардың өкілдері мен ғалымдар санынан тұратын сарапшылар тартылатын болады.

Ақпарат бойынша, Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін созылады. Жалпы ақшалай сыйлық қоры 8 000 000 теңгені құрайды. Байқау жеңімпаздарында жобаны қаржыландыру және инвестициялау көзін табуға мүмкіндік пайда болатынын атап өту қажет. 




Яндекс.Метрика