EXPO-2017

Қытайдың 500-ден астам компаниясы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға дайын

Қытайдың 500-ден астам компаниясы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайын. Бұл туралы «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың Қытай Халық Республикасы халықаралық саудаға қолдау көрсету комитетінің төрағасы Цзян Цзэнвэймен кездесуінде белгілі болды.
Нұр-Сұлтан19 Мамыр , 09:38

Ұлттық компаниядан хабарлағандай, Ахметжан Есімов бүгінде ЭКСПО-2017 көрмесіне115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдардың ресми түрде растағанын еске салып өтті.  Кесте бойынша барлық мемлекеттер жоспарланғандай павильондарын безендіруге кірісті.  Бүгінде қытайлық павильонды безендіру мен контенттік толықтыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Біз Қытай павильонына жоғарытехнологиялы мемлекет ретінде қызығушылық зор болады деп күтудеміз. Қызақстан мен Қытайды достық қарым қатынастар байланыстырады. Осы ретте дәлел ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумына қатысуын келтіруге болады» - деп атап өтті А.Есімов.

Өз кезегінде, қытайлық тарап ЭКСПО-2017 көрмесіне үлкен қызығушылық танытты. Бүгінде бұл елдің  223 провинциясы мен 500-ден астам компаниясы көрмеге қатысуға және оның аясында бизнес форум өткізуге дайын.

«Мен қазір ғана біздің павильонымызды аралап шықтым. Барлық жұмыстар уақытылы жүргізілуде. Менің ойымша бұл қос елдің басшыларының ЭКСПО-ның ашылуындағы кездесуіне негіз болады», - деп атап өтті  Цзян Цзэнвэй.

Кесдесудің соңына қарай тараптар көрменің ашылу салтанатындағы хаттамалық мәселелерді талқылады. 




Яндекс.Метрика