Экономика

Ордабасы ауданында инвестиция көлемі 1 млрд 330 млн теңгеге артты

Ордабасы ауданында 2017 жылдың 4 айында ауыл шаруашылық саласында 6 млрд. 346 млн. 300 мың теңгенің өнімі өндірілген, деп хабарлады аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында.
Оңтүстік Қазақстан19 Мамыр , 09:07

Аудан басшысының айтуынша, Ордабасы ауданында ағымдағы жылдың 4  айында  инвестиция көлемі 1 млрд. 330 млн. теңгені құраған.

«Ауданынмызда жоспарға сәйкес 15 гектар жылыжай құрылысын салу жоспарланып, бүгінгі күнге 7,2 гектар жылыжай құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылы жоспар толық 100 пайызға орындалады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге қарқынды су үнемдеуші технологиялары ендірілген егістік жердің көлемі –жалпы 4524 гектарды құрады. Қазіргі таңда Ордабасы ауданында тамшылатып суару әдісі 624  гектарға жерге ендірілген», - деді А.Мамытбеков.

Айта кетерлік жайт, кәсіпкерлік саласы аудан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 29 пайызды  құрайды. Тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың саны 9 686-ға жеткен.  Бұл құрылымдар бойынша  20 852  адам жұмыспен қамтылып отыр. 

Бұдан басқа, 2017 жылдың басынан бастап шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім  көлемі 4 айда 7 млрд. 068 млн. теңгеге  жетіп, одан түскен салық көлемі 106 млн 100 мың теңгені құраған.  




Яндекс.Метрика