EXPO-2017

Монако Князьдігі ЭКСПО-2017 павильонымен таныстырды (ВИДЕО, ФОТО)

Монако Князьдығы Астанадағы ЭКСПО-2017 павильонымен таныстырды. Монако павильонының тақырыбы – «Болашақтың бейнесі». Бұл тақырып Монаконың Жерорта теңізіндегі бейнесін және Адам мен Табиғат арасындағы образдық қарым-қатынасты ашады. Бұл туралы ЭКСПО-2017 медиа-орталығындағы баспасөз конференциясында Монако Князьдығының ұлттық секциясы Комиссарының орынбасары Александр Бокийон айтып берді.
Астана қаласы 18 Мамыр, 17:41

«Мен барлық жағынан үлгі боларлықтай ел туралы, әр түрлі модельдердің: өмір, даму, бейбітшілік модельдерінің көзіне айналатын ел жайында көп армандадым. Сондықтан, мен Монако ілгерілеу мен өркендеуге және қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыруға баса назар аударылатын әлем бейнесін біріктіретін өзінше қуатты державаға айналатынына сенімдімін», - деді А. Бокийон.

Ол Монако Князьдығы экологиялық хабардарлық және экологиялық іс-әрекет тұрғысында елдегі жобаларды іске асырудың интеллектуалдық тәсіліне баса назар аударатынын атап өтті. Монако павильонының тұжырымдамасы 2005 жылғы 12 шілдеде таққа отыру кезінде ханзада Альберт ІІ дәйексөзімен шабыттандырылған.

Сондай-ақ, павильонды жоспарлау және әзірлеу кезеңі 2 жылға созылып, оның құрылысына 3 млн еуро бөлінгені белгілі болды.

Екі қабатты павильонның жалпы ауданы 750 ш. м құрайды және қазіргі уақытта оның құрылысы 65% аяқталған. Спикер айтып өткендей, павильонды дайын күйінде тапсыру 30 мамырға жоспарланған.

Сондай-ақ, А. Бокийон көрме уақытында қызмет көрсететін персонал 60 адамнан тұратынын және оның 95%-ы қазақстандықтар болып табылатынын да атап өтті. Олардың көбі ағылшын тілімен қатар көптеген басқа да тілдерді меңгерген.  

Еске сала кетейік, өздерінің тақырыптық павильондарын 100-ден астам ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым ұсынбақ.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика