Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

БҰЗҚ-на активтерді өткізу 2014 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады – Қ.Келімбетов

БҰЗҚ-на активтерді өткізу 2014 жылдың бірінші маусымында аяқталады, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келібетов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы23 Желтоксан , 16:19

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры МЖЗҚ негізінде құрылады. Қазіргі таңда жинақтаушы зейнетақы қорлары тарапынан тиісті активтерді тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Төрт қор бойынша жұмыс қазірдің өзінде аяқталды. Ендігі бес қор өз активтерін келер жылдың 1 сәуіріне дейін тапсырып бітеді», - деді Бас қаржыгер.

Айта кету керек, активтерді тапсыру жұмыстары «Грантум», «Ұлар Үміт», «Халық», «Астана» қорларымен жүргізілетін болады, ал «Республика» мен «Отан» қорларының активтері тапсырылып бітті.

Оның айтуынша, алдын ала болжам бойынша, көптеген активтер бойынша өте күрделі жұмыстары жүргізілді.

«БҰЗҚ алдындағы басты міндеттеме – болашақта активтерді басқару тұжырымдамасын дайындау мен сақталуын қамтамасыз ету. Осыған орай қор комиссиясы дәрежесі бұрынғы қорлардың комиссиясымен салыстырғанда екі есе төмендейді. Ал БҰЗҚ құнды қағаздары нарығынан табыс табу мүмкіндігі жоғары», - деді төраға.

Ең бастысы зейнетақы автивтерімен басқару кеңесі құрылады. Онда ұзақ мерзімді зейнетақы автивтерімен басқару жұмыстары жүргізіледі.

«Бірінші маусымда зейнетақы активтерімен басқару тұжырымдасымен Үкіметпен бірге шығарылып қаржы нарығына жол тартады», - деп түйіндеді.




Яндекс.Метрика