Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қ. Келімбетов: 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап банктердегі тұтынушыларды несиелендіру портфелінің өсімі 30 пайыздан аспауы тиіс

2014 жылдың 1 ақпанынан бастап банктердегі тұтынушыларды несиелендіру портфелінің өсімі 30 пайыздан аспауы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
Астана қаласы23 Желтоксан , 15:45

«Егер де тұтынушыларды несиелендіру 30 пайыздан артық болса, Ұлттық банк оған әрекет жасауға құқылы. Ұлттық банк депозитке қабылданған лицензиялар бойынша немесе банктің жетекші мамандарының рұқсаты арқылы әрекет жасайды. Бұл өте ауыр жазалау, біз оны қолданбасақ жөн болар еді», - деді Қ. Келімбетов.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкі капитал мен қауіпті анықтау коэффицентін өзгертті.

«Егер де тұтынушылар несиелері 75 пайыз деңгейінде бағаланса, біз оны 100 пайызға көтереміз. Бұл банк акционерлері мен менеджметтеріне жасалған тағы бір ескерту. Портфелге өте мұқият болу керек», - деді Қ. Келімбетов. 




Яндекс.Метрика