Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Ұлттық банк төрағасы 2013 жылдың экономикалық қорытындысына оң бағасын берді

Қазақстандағы қаржы және валюталық нарықтағы жағдай тұрақты, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы23 Желтоксан , 15:36

«Жалпы елімізде қаржылық және валюталық жағдай тұрақты. Теңге бағамының да тұрақты екенін батыл айта аламыз. Ол қараша айында долларға шаққанда 152,7 мен 154,3 аралығында біраз шайқалды. Бұл жаман құбылыс емес. Бұл басқаруға ыңғайлы және жағымсыз нәиже әкелмейді. Жалпы экономикалық қорытынды жақсы. Алдын ала зерттеулер бойынша ЖІӨ 6 пайызды құраса, инфляция 5 пайызға жеткен», - деді бас қаржыгер.

Келімбетовтың Үкімет Ұлттық банкпен біріге отырып тиімді макроэкономикалық және қаржылық-несиелік саясат жүргізгенін айтады.

«15%-дан жоғары депозит салымдары Қазақстан халқының ұлттық валютаға және елдің қаржылық және банктік секторына сенім білдіретінінің көрсеткіші», - деді.

Сонымен қатар, Ұлттық банктің биыл Мемлекет башысының маңызды тапсырмаларын орындағанын жеткізді.

«Біріншіден, 2008-2010 жылдардағы қаржылық дағдарыстан кейін несиелік нарықты шығару болса, екіншісі тұтыну несиелері жайлы Елбасының тапсырмалары», - деді Келімбетов.  




Яндекс.Метрика