Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Алматыда Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер аяқталды

Алматыда Иранның ядролық бағдарламасы жөніндегі келіссөздер аяқталды. Жоспарланғандай, келіссөздер екі күнге созылды (26-27 ақпан). Қатысушы-тараптар келіссөздердің келесі раундын 18-19 наурызда Ыстамбұлда, сондай-ақ 5-6 сәуірде Алматыда өткізу туралы келісімге келді.
Алматы03 Қыркүйек , 00:00

Иран Ислам Республикасы Иранның жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сайид Джалилидің басшылық етуімен келіссөздергдің өтуіне үлкен мән бергені үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Сонымен қататр, С.Джалили «алтылық» елдері Ыстамбұл, Бағдат және Мәскеуде өткен келіссөздерде Иран тарабы мәлім еткен ескертулерді негізге алып, ұсыныстар бойынша жұмыс істеуге кірісті деп, ілгерілеушілік бар екенін атап өтті. 
«Біз бұл келіссөздерді қорытындысында оңтайлы шаралар қабылданатын тиімді қадам деп санаймыз», – деді Сайид Джалили. 
Иран 20%-ға дейін байытылған уранның бір бөлігін ядролық отынға айналдырудан бас тартпайды, себебі ол халық сұранысы үшін қажет екенін мәлімдеді. 
«Бізде бұл құқық (20%-ға дейін байытылған уранның бір бөлігін ядролық отынға айналдыру) біз барлық елдерге, АҚХА-ға өз қажеттілігіміз үшін іске асырамыз деп мәлімдедік. 20%-дық байытылған отынның болуы біз үшін медициналық мақсаттарда аса қажет. Бұл құқықтың іске асуына біздің сұранысымыз негіз боп отыр, егер бізде қажеттілік болса, онда біз әрине оны жүзеге асыратын боламыз», – деді ирандық делегацияның басшысы. 
Сонымен қатар, С.Джалили өз сөзінде Иран «Фордо» жерасты комбинатын жабуды жоспарлап отырған жоқ екенін, себебі оның жұмысы МАГАТЭ талаптарына сәйкес келетінін ашық мәлімдеді. 
Еуропалық тарап та бүгінгі өткен және алдағы уақытта өтетін келіссөздердің сәтті шешілуі «алтылық» елдері үшін басымды болатынын айтты. 
Екі тарап та келіссөздердің «шегіне» дейін әлі көп уақыт шығындалатынын,бірақ, қорытындысында бір келісімге келетіндерінен үмітті екендерін айтуда. 
Еске сала кетсек, 26 ақпанад Алматыда Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер басталды. Шара барысы жайында қазақстандық және шетелдік ірі БАҚ өкілдері ақпарат таратады. 
Бүгін, 27 ақпанда сағат 11-де келіссөздер жалғасты. Бұған дейін ЕО өкілі ЕО сыртқы істер және саяси қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның басшылық етуімен Алматыдағы диалог алаңында өтіп жатқан келіссөздердің қорытындысы бойынша нақты нитежеге қол жетеді деп үміттенетінін мәлімдеген болатын. 
Келіссөздерге БҰҰ-ға 5 тұрақты мүше-мемлекет (Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания), сондай-ақ Иран Ислам республикасының, Германия және ЕО елдерінің өкілдері қатысты. 
Еуропалық Одақ делегациясын ЕО-ның сыртқы істері мен саяси қауіпсіздігі жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон басқарды. Ұлыбританияның дипломатиялық тарабын СІМ-нің саяси мәселелері бойынша департаментінің директоры Саймон Гасс басқарды. Келіссөздерге Германия тарапынан СІМ-нің саяси мәселелері бойынша директоры Ханс-Дитер Лукас қатысады. Қытай делегациясын елдің сыртқы істер министрінің көмекшісі Ма Чжаосюй басқарып келді. 
Сондай-ақ, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков та қатысуда. Келіссөздерде АҚШ-тың атынан елдің мемлекеттік хатшысының саяси мәселелері бойынша орынбасары Уэнди Шерман сөйлейді. Өкілетті кеңесші, Франция СІМ-нің саяси және қауіпсіздік мәселелері бойынша бас директоры Жак Одибер француздық тарапты басқарып келді. Иранның Жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сайид Джалили ирандық тарапты таныстырады. 
2012 жылы «алтылық» өкілдері мен Тегеран келіссөздердің үш сатысын өткізген болатын – Ыстамбұлда (14 сәуір), Бағдатта (23-24 мамыр) және Мәскеуде (18-19 маусым). Бұл кездесулердің барлығы қандай да бір тоқетер шешімсіз аяқталды. Бұған дейін «алтылық» пен Иран келіссөздері бір жылдан астам уақыт өткізілмеген болатын. АҚШ пен бірқатар Батыс елдері мен Израиль бейбіт атом бағдарламасынан жасырын түрде ядролық қару дайындауда деп айыптайды. Ал Тегеран болса, оның атом бағдарламасы елдің электр қуатына деген сұранысын қанағаттандыруға ғана бағытталғанын айтуда. 
Сонау 90-жылдарда ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан адамзат қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір ядролық бағдарламалары бар немесе оларды дайындайтын елдердің ядролық қарусыздануын жақтайды. Сол себепті мемлекетіміз келіссөздердің кезекті раунды Алматыда өтуі туралы бастама көтерді. 
Қазақстан секілді көптеген мемлекеттер бүгінде бүкіл адамзаттың бейбіт тіршілігіне қауіп төндіретін ядролық қаруды дайындау және ядролық бағдарламаларды дамытуға қарсы шығуда. 
Осы себепті 1996 жылғы 24 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу туралы келісімді (ЯСЖТК) қабылдады. Бұл нақты ереже қаруларды бақылаудың жетілдірілген жүйесімен бекітілген. 
Бірақ, барлық ядролық сынақтарға тыйым салу үшін күрес әлі аяқталған жоқ. ЯСЖТК-ның қатаң тәртібі өз күшіне енуге қатысты, құжат заңды түрде міндетті болғанға дейін арнайы ядролық технологиялары бар 44 мемлекет оған қол қойып, ратификациялауы қажет екенін қарастырады. Келісімді қол қойған 182 елдің 157-сі ратификациялады, оның ішінде, құжаттың өз күшіне енуі үшін қажетті 44 мемлекеттің 36-сы – қол қоймаған ядролық державалардың ішінде АҚШ, ҚХР, Израиль, Египет және ядролық қарудың дайындалуына күдікті Иран сынды ядролық державалар ратификациялаған жоқ. 
2009 жылғы желтоқсанда Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей полигоны жабылған күн – 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. Қазіргі уақытта МАГАТЭ-мен бірлесе отырып, табиғи уранды есептеу, бақылау және физикалық қорғаудың автоматтандырылған ерекше жүйесі құрылуда. Сондай-ақ Қазақстан жаппай қырып-жою қаруының таралуына қарсы «Сегіздік тобы» (G-8) елдерінің Жаһандық серіктестігіне кірді. 
2010 жылы Астанада Ядролық лаңкестік актілеріне қарсы күрестің жаһандық бастамаларының конференциясы өтті. 2011 жылы еліміз өз аумағында аз байытылған уранның халықаралық банкін құру туралы МАГАТЭ-ге өтініш жолдады. Қазір оны жүзеге асыру шаралары жүргізілуде. 
Сонымен қатар, «АТОМ» – Abolish Testing. Our Mission («Сынақтарды тоқтату – Біздің миссиямыз») Халықаралық жобасын іске қосты. Жоба аясында ядролық қаруға қарсы әлемдегі кез-келген адам жобаның интернет-сайтында www.theatomproject.org онлайн-петицияға қол қойып, әлемді ядролық қарудан біржола бас тартып, Ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу келісімінің тез арада күшіне енуіне қол жеткізуге шақыра алады. Қазақстан барлық адамдарды «АТОМ» жобасын қолдап, әлемді ядролық қарусыз құруды басты мақсат етуге шақырады.  




Яндекс.Метрика