Инфрақұрылымды дамыту

Қарағанды облысында үй құрылысының комбинаты ашылды

Қарағанды облысының Саран қаласында Индустрияландыру картасы аясында «ККК Бетон» ЖШС үй құрылысы комбинаты ашылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қарағанды23 Желтоксан , 15:20

«Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Индустрияландыру күні қарсаңында индустриялды нысандарды ашу және таныстыру бойынша жалпыхалықтық телекөпір ұйымдастырылды. Қарағанды облысында Индустрияландыру картасына енген Саран қаласындағы «ККК Бетон» ЖШС үй құрылысы комбинаты ашылды. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында ол ірі панельді үй құрылысы элементті темір бетон бұйымдарымен қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Жобаның жалпы құны 1 млрд 284,7 млн теңге, ал жобалық қуаты жылына 48,1 мың шаршы метр  темір бетон бұйымдары.

Кәсіпкерліктің қондырғылары арқылы өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы нысандарын салатын құрылыс материалдарын да шығаруға болады.

Жоба отандық құрылыс индустриясын темір бетон өнімдерімен, қабырға панельдерімен, екі қабатты және үш қабатты қабырға панельдерімен, жеңіл бетон өнімдерімен және фасадты элементтермен қамтамасыз ете алады.

Кәсіпкерлік тұтынып отырған өнім жұмыстық құнын, уақытын және зиянын барынша азайтады.

Кәсіпкерлікте жалпы 60 жұмыс орны бар. Ондағы әр жұмысшы жылына 30 млн теңге табыс әкеледі.

Айта кету керек, кәсіпкерлік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қолдауымен алдыңғы қатарлы заманауи технологияларды қолданады.

2014 жылдың наурыз айында энергия үнемдегіш қабырға панельдері шығарыла бастайды. Жобалық қуатқа жету мерзімі 2016 жылы деп көрсетілген.




Яндекс.Метрика