ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Семейдің мемқызметкерлері діни қызмет туралы дәріс тыңдады

Семей қаласында мемлекеттік қызметкерлерге «діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты» тақырыбында лекция оқылды, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат басқармасы.
Шығыс Қазақстан23 Желтоксан , 15:10

«Лекцияда діни экстремизмның пайда болуымен күрес мәселесі және өңірде алдын алу жұмыстарын қабылдау жайы сөз болды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Қазақстанда діни бірлестіктерді қайта тіркеуден  өткізген еді. Облыста қайта тіркеуге дейін 365 бірлестік болса, қазір 11 конфессияның 303 бірлестігі бар.

Солардың ішінде 193-і ислам, 40-ы православ, 6-ауы католик, 1-еуі иудаизм дініне тиесілі.




Яндекс.Метрика