Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қапшағайда күн электр бекеті іске қосылды

Қапшағайда күн электр бекеті іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz.
Алматы23 Желтоксан , 15:03

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының ақпараты бойынша, «Самұрық грин энерджи» ЖШС өз инвестицияларын күн электр стансасының құрылысы инновациялық ілкі жобасына құйды. Оның жалпы сомасы 1 млрд 700 млн теңгені құрайды. Станса Қапшағай маңында орналасқан.

Бекетте  5616 бекітілген және 60 айналмалы күн батареясы орнатылған. Олар күнбағыс сияқты орналасқан. Стансаның қуаты әзірше төмен, небары 2 мгВт. Жаңа станса арзан электр энергиясымен 600 үйді қамтамасыз ете алады. Оны компьютерлік технологиялар арқылы 5 оператор басқарады.

 
 




Яндекс.Метрика