Үкімет

Төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімінің қарқыны 3,7%-ға жылдамдатылды

Төрт айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген салаларында өсім байқалады. Алдын ала мәліметтер бойынша ЖІӨ өсімінің қарқыны ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы 3% өсіммен салыстырғанда 3,7%-ға жылдамдатылды. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ҚР Үкіметінің отырысында хабарлады.
Астана қаласы 16 Мамыр, 10:56

«Жалпы, ағымдағы жылдағы статистикаға оң баға беруге болады. 2017 жылғы қаңтар-сәуір аралығындағы ЖІӨ өсімінің қарқыны 2017 жылдың 1 тоқсанындағы 3% өсіммен салыстырғанда 3,7%-ға жылдамдатылды. Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс, сонымен қатар ЖІӨ серпінін сақтауға көмек көрсеткен экономиканың шынайы секторындағы ұлғайтылған белсенділік маңызды факторларға айналды» - деді Т. Сүлейменов.

Ол атап өткендей, негізгі капиталға инвестициялар 5,5%-ға артты, 7,5%-ға дейін жылдық инфляцияның бәсеңдеуі халықтың таза кірістерін 2,4%-ға және бөлшек сауда көлемін 5,5%-ға арттыруға ықпал етті.

«ЖІӨ оң серпіні өндіруші (7,8%-ға)  және өңдеуші  (6,8%) салалардың, құрылыстың (6,1%-ға)  және қызмет көрсету (1,9%-ға) салаларының тұрақты өсімімен қамтамасыз етілген», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Агроөндірістік кешен мәселесі бойынша министр атап өткендей, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,9% деңгейінде сақталды. Есеп беру кезеңінде азық-түлік өнімдері өндірісі 5,7%-ға ұлғайтылды, ал сусын өндірісіндегі өсім 2,6%-ды құрады.

«Тау кен өндірісі саласында да оң өзгерістер бар. Көмір және лигнит,  мұнай, табиғи газ өндірісінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілген. Қайта өңдеу саласында да ілгерілеушілік байқалады.  Алайда химия өнімінің өндірісі 0,7%-ға төмендеген. Сонымен қатар құрылыс саласы 6,1%-ға ұлғаю арқылы оң қарқынды сақтап тұрғанын атап өткім келеді. Бүгінде құрылыс жұмыстары Павлодар облысында (59,5%-ға өсім),  Астанада (19,1%), Жамбыл облысында (12,7%) ширақ қарқынмен жүргізілуде. Салалар бойынша тығыз байланыс қызмет көрсету саласының жұмысына оң әсер етуде», - деді спикер.

Сонымен қатар, министр төрт айдың қорытындысы бойынша әлемдегі тауар мен қаржы нарығындағы тұрақсыздықтарға қарамастан ел экономикасының көптеген салаларында өсім жылдамдығы артқанын атап өтті.

«Екінші жарты жылдықта бастапқы төмен мағынаға қатысты факторлар алынып тасталынады, сондықтанда уәкілетті органдар өздерінің салалары бойынша мәселелерді шешуге жауапты қарау керек», - деп түйді Т. Сүлейменов.

Қайрат Жандыбаев





Яндекс.Метрика