Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Жыл соңына дейін еліміздің бірнеше облысында 7 кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы ашылады –Л.Ибрагимова

2014 жылы «Даму» қоры тарапынан қаржыландырылатын жобалардың саны жыл сайын 1,5 мыңға артады, деп мәлімдеді «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.
Астана қаласы23 Желтоксан , 14:15

«2013 жылы 9 облыс орталығында кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығын аштық. Осы және келесі аптада 31 желтоқсанға дейін облыс орталықтарында тағы 7 орталық ашамыз. Ертең Талдықорғанда аталмыш орталықты ашсақ, 31-і күні Астанаға келеміз», - деді Л.Ибрагимова.

Оның айтуынша, барлық 27 моноқалада биыл отандастарымызға кеңес берген кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істеді.

«Барлық 168 ауданда бастауыш кәсіпкерлер мен өз кәсіптерін ашқысы келетін азаматтарға бизнес-тренинг өткіздік», - деді басқарма төрағасы.




Яндекс.Метрика