Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Қарағанды облысында әскери қызметшілер жолда қалған 120 адамды құтқарды

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысының аумағындағы жолда қалып қойған 120 адамды құтқарды, деп Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қарағанды23 Желтоксан , 14:35

«36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты», - делінген хабарламада.  

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы-Екатеринбург трассасында Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықта Ақбастау кентінің маңында боранды күні 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай ақ жүргіншілер мінген 2 автобус жолда қалған.

Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жеткен. Машиналарды эвакуациялау үшін Спассктегі оқу-жаттығу орталығының қолбасшылығы 2 автомобиль мен бір шынжыр табанды техника бөлді.

«Операция табысты аяқталып, әскери қызметшілер жүргізушілердің Қарағанды қаласына дейін жетіп алуына көмектесті. Қазіргі уақытта әскери қызметшілер әскери бөлімге қайта оралып, күнделікті жауынгерлік даярлыққа кірісіп кетті. Бірақ апаттық-құтқару тобы кез-келген уақытта жолда жаураған қазақстандықтарға көмекке келуге әзір», - деп ведомство хабарламасында нақтыланған. 




Яндекс.Метрика