Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

ҚР-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 240 мың адам жұмысқа орналасты

Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асырғалы 240 мың адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы23 Желтоксан , 14:25

«Биыл жұмысқа орналасу көрсеткіші 94,8% өсті. Және де жұмыспен қамтылған халық арасында жалдамалы жұмыскерлердің де үлесі артқан (5,6 млн адамнан 6 млн-ға дейін), тиімсіз өзіндік жұмыспен қамту көлемі азайды (41,7%-дан37,5%-ға)», - делінген хабарламада.

Бұл көрсеткіштер бағдарламаның инфрақұрылымдық жобаларын іске асырудың арқасында мүмкін болып отыр. Олардың  жартысынан көбі бағдарлама қатысушылары болып табылатын 28,4 мың жұмыс орнын ашты.

Сонымен қатар, қазірдің өзінде жұмыспен қамту бөліміне келіп жұмысқа орналасқандардың саны жалпы көрсеткіштің 50 пайызынан асты. Ал жұмыссыздық 2010 жылдағы 5,8%-дан 2013 жылдың үшінші маусымында 5,2%-ға азайған.

Айта кету керек, 2011-2013 жылдары бағдарламаны іске асыруға 200 млрд теңге бөлінген. Осының арқасында 2013 жылдың 1 желтоқсанына дейін 263 мың адам мемлекттік қолдауға ие болған.




Яндекс.Метрика