Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасы Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

Бүгін, 23 желтоқсан Астанада Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы23 Желтоксан , 14:12

Меморандумға қол қоюдың маңыздылығын айта отырып, Асхат Дауылбаев Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өзара белсенді әрекеттесуі Мемлекет Басшысымен «Қазақстан – 2050» Стратегиясы» Жолдауында қойылған кәсіпкерлерді жан-жақты қолдау бойынша міндеттерді ойдағыдай іске асыруға себепші болуға бағытталғандығын атап өтті.

Меморандумға қол қою прокуратура органдары мен бизнес-ассоциацияларымен жолға қойылған өзара әрекеттестіктің жалғасы болып отыр. Тараптар кәсіпкерлікті дамытудың көкейкесті мәселелерін шешуге, кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілерін алдын алуға бағытталған күш-жігерлерін келешекте де нығайтуға ниет білдіріп отыр.

Қабылданған шаралардың арқасында тексерулердің шынайы есебін жолға қою мүмкіндігі пайда болды. Кәсіпкерлердің қызметіне араласу фактілерінің жолын кесу үшін Бас прокуратураның бастамасы бойынша тексерулерді жоспарлау мен жүзеге асыру жүйесі реформаланды. Барлық деңгейдегі прокуратуралардың жанында құрылған мобильдік топтар тексерушілердің заңсыз әрекеттерінің жолын кесуге бағдарланған.

Атап айтқанда, 2013 жылы прокурорлық тексерулердің нәтижесінде бизнесті қорғау саласында 11 мыңнан астам бұзушылықтар анықталды. 2,5 мыңнан астам бизнес субъектілерін негізсіз тексерудің жолы кесілді. Кәсіпкерлердің құқықтарына қатысты 997 заңсыз актілер өзгертілді және жойылды. 13 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. Түрлі жауапкерлішіліктерге 1220 тұлға тартылды. Нәтижесінде заңсыз жоспарланған тексерулердің саны былтырғымен салыстырғанда 10 есеге төмендеді.

 
 
 
 




Яндекс.Метрика