Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Оңтүстік Қазақстанда мемлекеттік қызмет жаңа моделін жүзеге асыру барысындағы қоғамдық институттар маңыздылығы мен белсенділігі мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі оңтүстік облыс журналистеріне «Мемлекеттік қызметті реформалау: ішкі түйін және аймақтық БАҚ-тағы көрінісі» деген семинар өткізді. Семинар Еуропа Одағының «Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Жобасы қолдауымен жүзеге асты, деп агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы23 Желтоксан , 14:00

«Семинар жұмысына Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстары  БАҚ өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдармен өзара ықпалдасу және ынтымақтасу бойынша Қоғамдық Кеңес пен Тәртіптік Кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар персоналды басқару қызметі өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасы Алихан Байменов кадрларды іріктеу және оларды қызмет бабымен көтерудің, мемлекеттік қызметтегі этикалық және жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейтудің жаңа тетіктері, “А” корпусын құру және оның қызметі бойынша аймақтық журналистер жиі қоятын сауалдар негізінде жаңа мемлекеттік қызмет моделінің негізгі қағидаларын түсіндірді.

Агенттік  жетекшісі“қоғам, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ-пен өзара диалог орнату – ведомство қызметіндегі басым бағыт” екендігін атап өтті. Агенттіктің тұжырымдамалық және заңнамалық бастамаларын ашық талқылау үшін мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселелері жөнінде Сарапшылар кеңесі құрылған. Агенттік және оның өңірлік департаменттері жанынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңестер жұмыс істейді. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру курстары ауқымында бағдарламаға «Мемлекеттік қызмет БАҚ көзімен» атты курс енгізілмек.

«Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» Жобасының шешуші сарапшысы  Эдуард Захарченко мемлекеттік қызметті дамытудың заманауи үдерістеріне, Қазақстанның мемлекеттік қызметті модернизациялаудағы озық еуропалық тәжірибені қолдану мәселелеріне тоқталды.

Сонымен бірге семинар барысында мемлекеттік қызмет сапасын жақсартудағы аймақтық БАҚ өкілдері мен жергілікті мемлекеттік органдардың өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. “Этика бойынша кеңесші” және қоғамдық бақылаушылар институттарын енгізу мәселелері де қатысушылардың қызығуышылығын тудырды. 

Бұған дейін журналистерге мемлекеттік қызметтің жаңа моделін түсіндіру бойынша осындай шолу семинарлар республикалық БАҚ өкілдеріне - Астанада, одан кейін Еуропалық Одақ жобасы қолдауымен Қазақстанның солтүстік-шығыс, батыс аймақтарында, атап айтқанда Павлодар және Ақтөбе қалаларында өткізілген.

 




Яндекс.Метрика