Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Л. Ибрагимова: 2014 жылы «Даму» қоры қаржыландыратын жобалар саны 1,5 мыңға көбейеді

2014 жылы «Даму» қоры қаржыландыратын жобалар саны жыл сайын 1,5 мыңға көбейеді. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.
Астана қаласы23 Желтоксан , 12:50

«2010 жылы субсидиялау бойынша 134 келісімшарт қана жасалса, соңғы екі жылда 1300 келісімнен жасалған. 1300 қазақстандық компания мемлекет қолдауына ие болды. 2014 жылы бұл көрсеткіш 1500-ге жеткізіледі. Қазірдің өзінде бағдарламаға 3300 компания қатысуға ниет танытты. Келесі жылдың соңына дейін бұл сан 5000-ға жетеді деп отырмыз»,  - деді Л. Ибрагимова.

Оның айтуынша, мемлекет жыл сайын кәсіпкерлерді қаржыландыру ауқымын кеңейтуде.

 «Соңғы екі жылда біз 20-24 млрд теңгеден субсидия берсек, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының табысы мен кәсіпкерлердің сұранысын көрген үкімет келесі жылы рекордтық сома 32 млрд теңге бөліп отыр.Субсидиялауды кепілдік берусіз әрі қарай дамыту мүмкін емес. Бұл орайда келесі жылға үлкен мақсат қойдық. Келесі жылы 500 кепілдік беруді көздеп отырмыз. Бұл құралдың кәсіпкерлерге де, сондай-ақ банк секторына да көмегі зор екенін атап өткім келеді. 3 жылда берген 250 кепілдік бойынша бірде-бір дефолт болған жоқ», - деп толықтырды ол.

 




Яндекс.Метрика