Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

«Даму» қоры 2014 жылы еліміздің 163 ауданында кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ашады –Л. Ибрагимова

"Даму" қоры 2014 жылы Қазақстанда 163 ауданда кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын ашады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Даму» Кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.
Астана қаласы23 Желтоксан , 12:35

«2014 жылды ауылдарды қамту жылы деп жариялап отырмыз. 163 ауданда кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құрамыз. Сол жерде біздің мамандар кәсіпкерлерге кеңес береді, оқытады», - деді брифингте Л.Ибрагимова.

Басқарма төрайымы 2010 жылдан жүзеге асырылып жатқан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының нәтижелерін сөз етті.

«2010 жылы субсидиялау бойынша 134 келісімшарт қана жасалса, соңғы екі жылда 1300 келісімнен жасалған. 1300 қазақстандық компания мемлекет қолдауына ие болды. 2014 жылы бұл көрсеткіш 1500-ге жеткізіледі. Қазірдің өзінде бағдарламаға 3300 компания қатысуға ниет танытты. Келесі жылдың соңына дейін бұл сан 5000-ға жетеді деп отырмыз»,  - деді Л. Ибрагимова.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ төрағасының айтуынша кәсіпкерлер үш млн-ға дейін қаржы қолдауына ие бола алады.

 

 




Яндекс.Метрика