EXPO-2017

ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері: тарихы мен енгізген жаңалықтары

ЭКСПО дүниежүзілік көрмелері бір жарым ғасырдан астам уақыт өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде олар ерекше танымалдылыққа ие болды – көрмелерді тіпті әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен де салыстырып жатады. Осындай іс-шара жуық арада Астанада да өтпек. ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін небары 30 күн қалды. Strategy2050.kz АА ЭКСПО көрмесінің құрылу тарихы және осындай әлемдік көрмелерде орын алатын анағұрлым белгілі әрі ұлы жаңалықтары жайында айтып бермек, қазіргі таңда біздің күнделікті тұрмысымызда өз орнын алып отырған көптеген өнертабыстар дәл осы ЭКСПО көрмесінде іске асырылуына мүмкіндік алды.
Астана қаласы11 Мамыр , 17:58

Дүниежүзілік көрме немесе ЭКСПО деген не деген сұраққа жауаптан бастайық

 

Дүниежүзілік көрме немесе ЭКСПО – бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсету үшін ашық алаң және индустрияландыру символы болып табылатын халықаралық көрме. Халықаралық көрме бюросы 1928 жылдан бастап Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенцияға қол қойылған сәттен бастап көрмелердің әмбебап, халықаралық және мамандандырылған үш түрін өткізуде реттеуші орган болып келеді. Осы көрмелер 3 айдан 6 айға дейін созылады. Халықаралық көрмелерді өткізу дәстүрі француз ұлттық көрмелерін дамыту аясында пайда болған, олардың шарықтау шегі 1844 жылы болған Халықаралық Көрме еді.

Алғашқы ЭКСПО көрмесі

Общий вид выставки в 1851 году

(1851 жылғы көрменің жалпы көрінісі)

(Виктория ханым 1851 жылғы көрменің ашылуында)

Хрустальный дворец. Главный фасад (1851 год)

(Хрусталь сарай. Негізгі қасбет. 1851 жыл)

Алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылғы 1 мамыр – 15 қазан аралығында Альберт ханзаданың бастамасымен лондондық Гайд-паркте өткізілген болатын. Өткен көрме өнеркәсіптік революция тарихындағы басты кезеңге айналды. Оған көптеген елдердің қатысуы себебінен ол дүниежүзілік деп аталып кеткен. Осы әлемдік көрмеде өнеркәсіптік тауарлар мен әр түрлі қолөнер бұйымдары, машиналар, өндірістік әдістер, сондай-ақ пайдалы қазбалар мен бейнелеу өнері жұмыстары ұсынылды. Джозеф Пакстонның темір мен шыныдан салған Хрусталь сарайы көрменің ең басты көрікті жеріне айналды.

ЭКСПО дәуірінің үш кезеңі

1851 жылы дүниежүзілік көрмелердің сипаты үш кезеңге бөлінетін: индустриялық дәуір, мәдени алмасу дәуірі және ұлттық брендинг дәуірі.

Индустрияландыру (1851—1938)

(Дүниежүзілік көрме-1889 Парижде)

Осы кезеңде көрмелер негізінен саудаға арналған және технологиялық жетістіктер мен жаңалықтар көрсетілген. Мысалы, телефон сияқты өнертабыс осы кезеңде шығарылған. Бұл дәуір халықаралық көрмелерді қабылдауға едәуір үлес қосты.

Мәдени алмасу (1939—1987)

(Чикагодағы көрмеде орыс павильоны. 1893 жыл)

1939 жылы Нью-Йоркте өткен Дүниежүзілік көрмеден бастап көрмелердің бастапқы сипаты өзгере бастады және олар қоғам үшін анағұрлым жарқын болашақ болжай отырып, нақты мәдени тақырыптарға арнала бастады. Технологиялық өнертабыстар екінші орынға ауысты. Көрмелер инновациялар алмасу мақсатында белсенді мәдениетаралық қарым-қатынасты қолдады.

Ұлттық брендинг (1988-қазіргі уақыт)

(Париждегі көрме павильонының басты кіреберіс жері. 1900 жыл)

1988 жылдан бастап елдер өздерінің көрме павильондары арқасында көрмелерді өздерінің ұлттық имиджін жақсарту тәсілі ретінде пайдалана бастады. Tjaco Walvis тобының зерттеуі көрсеткендей, елдердің 73%-ы үшін көрмеге қатысудың басты мақсаты мемлекеттің имиджін жақсарту болған.  

2000 жылы Ганноверде өткен көрмеде елдер сәулетті өздері әзірлеп, павильонға орта есеппен 12 миллион еуроға жуық қаражат жұмсаған. Мұндай салым мөлшерлерін ескере отыра, көптеген елдер шығын пайдадан артық болады деген болжам жасап, кейде көрмеге қатысуды орынсыз деп санады.

Дүниежүзілік көрмелердің ең белгілі жаңалықтары

 

 

Әр түрлі Дүниежүзілік көрмелерде Singer тігін машинасы, дизельдік мотор, электр розеткасы, Попов радиосы, ағайынды Люмьерлердің киноқондырғысы, алғашқы сериялық теледидар, IMAX жүйесі және тіпті IBM компьютерлері де таныстырылған. Осылардың барлығы дүниежүзінде мойындалып, Дүниежүзілік көрмелерде көрсетілгеннен кейін коммерциялық қолданыс тапқан.  

Алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі ағымдағы жылғы 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтеді. Бұл көрме жоғары деңгейде өтіп, бізді және еліміздің қонақтарын технологиялар әлеміндегі жаңа өнертабыстармен және жетістіктермен таң қалдырады, болашақтың энергиясы саласындағы әзірлемелер әлемге танымал болады деп күтілуде. Қазақстан үшін бұл серпіліс болып, еліміз бүкіл әлемге танымал болады.

Қайрат Жандыбаев 

Фото expo2017astana.com




Яндекс.Метрика