Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты жылына 50 мың автокөлік шығаруды жоспарлауда

Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты жылына 50 мың автокөлік шығарып, қазақстандық қамтамасыз етуді 50 пайызға көбейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды AllurGroup компаниясының баспасөз қызметі.
Қостанай23 Желтоксан , 12:20

«AllurGroup құрамына кіретін «СарыарқаАвтоПром» ЖШС «Шанақтарды дәнекерлеу мен сырлауды қосып SsangYong Nomad маркалы шағын шанақты автокөлігін шығаруды ұйымдастыру» жобасы аясында жылына 50 мың автокөлік шығарып, қазақстандық қамтамасыз етуді 50 пайызға азайтуды жоспарлап отыр. Бұл жоба Қазақстанның Даму Банкінің қатысуымен «Өнеркәсіптік-2020» бағдарламасының арқасында іске асырылып отыр. 2013 жылы жобаны іске асыру барысында 400 жаңа жұмыс орны ашылды», - делінген хабарламада.  

«Біздің басты мақсатымыз – қазақстандықтарды сапалы, бәсекеге қабілетті автөкөліктердің қазақстандық өнімімен қамтамасыз ету. Алдағы уақытта Кедендік Одақ нарығына шығып, әлемдік брендтермен тереземіз тең сауда жасайтын боламыз. Сонымен қатар, Тойота «Қазақстанда жасалған» жобасын қолға алады»,  - деді AllurGroup автомобиль компаниялар тобының президенті Андрей Лаврентьев.

Естеріңізге сала кетейік, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС «Индустриялизациялау көшбасшысы» номинациясы бойынша ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын иеленген болатын. Сыйлық Астанадағы Индустрияландыру күні қарсаңында берілді.

 




Яндекс.Метрика